Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметтерді ұсыну тек электрондық форматта жүзеге асырылатынын хабарлайды. Қағаз тасығыштағы өтініштер мемлекеттік қызмет электрондық түрде іске асырылмаған жағдайда ғана қабылданады.
Біздің Орталықтардағы Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарына кіру де тоқтатылады.
Бұдан басқа, салық төлеушілердің және Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының барлық мәселелері бойынша, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, қойылған хабарламалар, есеп айырысу шоттарын ашу/жабу, жергілікті салықтар есептелген, пайда болған берешек, қызметті тоқтату және басқа да салық және кеден міндеттемелері бойынша консультациялар өткізу үшін облыстың барлық аудандық және Петропавл қ. мемлекеттік кірістер органдарында Байланыс орталықтарын құру туралы шешім қабылданды. Сондықтан біздің облыс тұрғындарымызды ұсынылған мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына бармай, қызықтыратын сұрақтарға қашықтықтан жауап алуды сұраймыз.
Байланыс орталығы қызметкерлерінің тізімі ҚР ҚМ МКК (http://kgd.gov.kz), ҚР ҚМ МКД (http://sko.kgd.gov.kz) сайттарында, Департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
Осы шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
СҚО бойынша МКД
Қаралым саны: 1713