Жамбыл ауданы бойынша құрылған қарапайым серіктестіктер тізілімі (ZIP 11 Kb)
Коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтардың басым тізімі (20.03.2020 ж.) (ZIP 19 Kb)
Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы азаматтарының жылдық кезектiк тiзiмдерiне түгендеу жүргiзу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекiту туралы 12- тармағына сәйкес, «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жеке тұрғын үй қорында жалға алған немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретiнде есепке алынған, кезекте тұрған азаматтрдың тiзiмдерiн өзектендiру үшiн коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарының жылдық кезектiлiгiне түгендеу жүргiзетiндiгiн хабарлайды.
Осы мақстата мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге Жамбыл ауданының «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ-не 2019 жылдың 1 сәуiрiнен 1 желтоқсанына дейiн келесi құжаттардың көшiрмесiн тапсыруы қажет:
- өтiнiш берушiнiң жеке куәлiгiнiң көшiрмесi немесе оның және оның отбасының төлқұжаты;
- отбасы құрғаны немесе ажырасқандығы жайлы, отбасы мүшесiнiң өлiмi, балаларының туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
- аумақтық әдiлет бөлiмiнен анықтама (өтiнiш берушiнiң бiрге тұратын отбасының тұрақты немесе жеке тұрғын үйiнiң жоқ екендiгiн дәлелдейтiн);
- жергiлiктi атқару органының анықтамасы (өтiнiш берушiнiң бiрге тұратын отбасының жергiлiктi тұрғын үй қорынан тұрғын үйi жоқ екендiгiн дәлелдейтiн);
- азамттарды тiркеу кiтабының көшiрмесi мен түпнұсқасы (салыстыру үшiн) жалдау бюросы мен селолық округ әкiмдiгiнiң сәйкес аймақта тұратындығын дәлелдейтiн анықтамасы;
- өтiнiш берушiнiң басқа адамдарды отбасы мүшесi етiп қабылдау жағдайында, соттың өтiнiш берушiнiң отбасы мүшесi екендiгi жайлы шешiмi соңғы болып берiледi;
- тұрғындардың осал топтары болып табылатын азаматтары, өтiнiш берушiнiң (отбасы) тұрғындардың осал тобынан екендiгiн дәлелдейтiн, қосымша құжаттар бередi;
- тұрғындардың осал топтары болып табылатын азаматтары (жетiм балалар, ата-ана қамқорынсыз қалғын балалар және мүгедек балалардан басқа), қосымша соңғы он екi айдағы кiрiстерi жайлы отбасының әр мүшесiнен ақпарат бередi;
- мемлекеттiк қызметкерлер категориясына жататын азаматтар, бюджеттiк ұйымдардағы, әскери қызметкерлер, мемлекеттiк сайлау iстерiмен айналысушылар, қызмет орнынан анықтама бередi;
- тұрғын үйлерi апатты жағдайдағы азаматтар аумақтық атқарушы органнан анықтама беруi қажет;
- отбасы тұрып жатқан тұрғын үй санитарлық және техникалық стандартқа сай келмеген жағдайда немесе оңашаланбаған, бөлектенбеген ғимаратта екi немесе одан да көп отбасының тұруы немесе отбасы құрамында жұқпалы ауруы бар, созылмалы аурудың ауыр түрiмен ауыратындары бар бiрге бiр ғимаратта (пәтерде) тұруға болмайтын жағдайда өтiнiш берушi белгiлi органдпрдан қосымша анықтама әкелуi керек.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сәулет,
құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ
Тел. 8(71544) 2-19-91
Мақаланы құрған күні 28.02.2018 10:21
Мақаланы жаңартқан күні 08.08.2023 17:29